AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында халықты вакцинацияға қарсы митингке шақырған азамат түрмеге қамалды

Қостанай облысының тұрғыны Telegram желісі арқылы заңсыз митингке шақырғаны үшін кінәлі деп тапты. Десек те, азамат кінәсін мойындаудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новая газета" басылымына сілтеме жасап. 

Зинченко

5 шілдеде Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Сергей Зинченконы Әкімшілік кодекстің 488-бабының 7-бөлігі "Бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Қылмыскер үш тәулікке қамауға алынды.



Полициялейдің актісіне сәйкес, 3 шілдеде Зинченко Telegram-ның екі арнасында халықты 6 шілдеде митингке шығуға шақырған. Десек те, ол бастапқыда "Балалардың облыстық ауруханасында МРТ және КТ аппараттарын орнатуды талап ету" тақырыбымен бейбіт кездесуге өтінім берген. Бірақ Қостанай әкімдігі санитарлық шараларды ескере отырып, митингке рұқсат бермеген. Артынша ер азамат Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа жарлығы шыққаннан кейін митинг тақырыбы "Міндетті вакцинацияға қарсылық білдіру" болып өзгерген. 

"Сот отырысында Зинченко кінәсін мойындамады. Ол өзінің Telegram интернет-мессенджерінде фотосуреттер орналастырмағанын түсіндірді. Сөзінше, оның телефонында ондай қосымша жоқ. Оның мәліметтері көрсетілген Instagram мессенджерінде аккаунты бар. 16 маусымда ол жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама жіберген, оның мақсаты облыстық балалар ауруханасын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді және эпилепсиямен ауыратын балаларға жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деп көрсеткен", – деді судья Әсемгүл Әмірғалиева өз шешімінде.

Зинченконың нөмірі тіркелген оның Telegram аккаунты арқылы митингке шақыру туралы жазбалардың скриншоттары сотта көрсетілді. Осылайша оның кінәсі толығымен дәлелденді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр