Павлодар облысында ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. 14 жастағы оқушы зорлық-зомбылық туралы мектеп психологына айтып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
"Зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен экс-депутат ұсталған еді. Лисаков қаласының тұрғыны әрі танымал кәсіпкер де өгей қызын зорлаған деген күдікке ілінген.