Павлодар облысында екі келіншек жұмыс уақытында төбелес шығарған

Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде екі әйелдің жанжалы төбелеске айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде екі жас қыздың арасында жұмыс күні кезінде орын алған жанжал төбелеске ұласқан. Оқиға куәгерлері қыздарды тыныштандыру үшін жергілікті учаскелік полиция инспекторын шақырған.



Жанжалға қатысушылар бір-бірінің үстіне арыз жазды. Одан әрі тексеру үшін ауыл тұрғындары учаскелік полицияға жеткізілді.

"Полиция ауыл тұрғындары арасындағы жанжал қыздардың бірі екіншісіне жала жапқаны үшін орын алғанын анықтады. Жұдырықтасуды жақсы көретіндерге қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді. Іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр