Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар ауылында 9 мамыр күні әжелерді қызыл лимузинмен қыдыртпақ

Павлодар әкімдігі мерекеге орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тосынсый жасамақ.

Фото ауыл әкімдігінен

«Сегіз әжеге арнап Chrysler 300C маркалы қызыл лимузинге тапсырыс бердік. Көлік марқұм әке-шешелерінің, аталарының суретін ұстап жүретін топтың алдында болады», – деді ауыл әкімі Аждар Жүсіпов.

Лимузин әжелерді әкімдіктен бастап соңғы аялдамаға дейін қыдыртады. Барлығы 7,5 шақырым жол жүреді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

«Барлығына алдын ала айтылды. Бәрі қуанышты. Туыстары әжелердің күтіміне өздері қарайтын болады. Кәсіпкерлеріміз тыл ардагерлеріне сыйлықтар дайындап қойды», – дейді әкім.

Әжелерге әкімдік дайындаған гүлдер табыс етіледі. Қазіргі уақытта ауылда 35 тыл ардагері мен 8 соғыс ардагерінің әйелдері тұрады.

Тағы оқыңыз: 

Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевпен Берлинге дейін жеткен ардагер Алматыда тұрады

Головкин мен Мартиросянның жекпе жегі Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Ғалымдар қандай тағамдардың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Талқылау