AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтеріне кіріп, пышақ тақаған: Астаналық қызды желіде танысқан жігіт тонап кеткен

29 тамызда Алматы аудандық полиция басқармасына 26 жастағы елордалық тұрғыннан оны екі ер адамның тонап кеткені туралы арыз түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танысуға арналған сайтта әйел Марат есімді бір жігітпен танысады. Ортақ тіл тауып, жастар кездесуге шешім қабылдайды. Келесі күні жігіт қыздың үйіне қонаққа келмекші болады.

Пәтерге келген ер адам бірден ваннаға кірген. Содан кейін қыздың жатын бөлмесіне барып, кеңсе пышағымен оны қорқытып, 100 мың теңге талап еткен.

“Алайда ол ақшасының жоқ екенін айтқан соң, ер адам пәтердің шығу есігіне қарай беттеген. Сол кезде қыз көзі айналасынан жұдырықпен соққы алып, есінен танып қалған. Есін жиған соң, ол екі ер адамның пәтерде жүгіріп, құнды заттарды іздеп жүргенін байқаған. Қыздың есін жиғанын байқап, олар үш телефон мен сымсыз құлаққапты алып қаша жөнелген”, – дейді полицияда.

Мұқият іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында екі күдікті ұсталды. Олар 21 және 27 жастағы жастар болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Нұрсұлтан ПД УҰИ-ға қамалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерден бейтаныс адамдарға сенбеуді және оларды үйлеріне шақырмауды ескертеді.


Батыс Қазақстанда ат тұяғынан 5 жасар бала қаза болды 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр