Пәтерден заңсыз шығарылған қазақстандықтар сотта жеңе алады – Министр
Әділет министрі Қанат Мусин пәтерден заңсыз шығарылған қазақстандықтардың сотта жеңіске жете алатынын айтты. Сөзінше, келісімшарт ауызша негізде жасалса да, тиісті дәлелдерді ұсыну арқылы өз құқығын заңдық негізде қорғауға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Пәтерде жалға алу – азаматтық-құқықтық мәміле. Мусиннің айтуынша, дау туындаған жағдайда оны сот арқылы шешу керек.
Министр құқық қорғаушыларды дәл осындай жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қатар "119" бірыңғай желісіне қоңырау шалуға болады.
"Жалға беруші пәтер құнын қымбаттата алады, бұл – оның құқығы. Алайда келісімшартта бағаның өсетіні туралы алдын ала ескерту мерзімі көрсетіледі. Бұл тараптарға қатысты заңдық негізде белгіленген талаптар", – деді Қанат Мусин.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"