Парламент мәжілісінің төрағасы Нығматулин коронавирустан емделіп шықты
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің ауыр дерттен айыққаны туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Олардың сөзінше, Нығматулиннің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Осылайша мәжілістің төрағасының коронавирустан емделгені белгілі болды.
"Медициналық хаттамаға сәйкес, мәжіліс спикері коронавирусты бақылау тестінен өтті, ол теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елеміздің бірқатар шенеуніктері коронавирусқа шалдыққаны белгілі болған. Олардың қатарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев, экс-министр Елжан Біртанов, парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, Алматының бас санитар дәрігері Бекшин және өзге де белгілі азаматтар бар.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған