Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Парламент - балабақша емес": Қазақстандық журналист депутаттардың жасына шектеу қоюды ұсынды

Қазақстандық журналист Сәуле Әбілдаханқызы мәжілістегі депутаттардың жасы 35-тен төмен болмау керек деп есептейді. Ол парламент "балабақша емес" екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"25 жастағы "жағымпазданбай тамақ ішпейтін" балаға мәжілісте боқ бар ма? Как будто сол бір келелі ой, ұсыныс, пікір, талап айтатындай....", - деп жазды (тыныс белгілері мен орфография сақталған) Facebook парақшасында журналист.

Сәуле Әбілдаханқызы мәжіліске баратындардың жасы 35-тен төмен болмау керек деген пікірде. Оның ойынша, "парламент - әріп танитындар мен кнопка баса алатындар отыратын балабақша немесе бала-шағаңмен шұбырып баратын тойхана емес".



Оның сөзінше, парламент - білім, тәжірибе, мінез, ішкі-сыртқы саясатты, қолданыстағы заңды, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы білетін, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін терең білетін, мемлекеттің бүгіні мен болашағын зерделей алатын көкірегі ояу, мемлекетшіл, керек десең ұлтшыл азаматтар отыратын төр.

"Боқмұрындарды ол төрге оздыру қай топастан шыққан идея? 30% жастар деген сөз - оң-солын ажыратып үлгермеген, қазақты қытайдан айыра алмайтын, жыламай тамақ ішпейтін 25-тегі ләббәйшіл жағымпаз бозбалалар барсын деген сөз емес. Парламентке депутат болу үшін мемлекетке, кемінде, 10-15 жыл еңбек сіңіру керек. Қоғамдық мәселелерге араласып, елге пайдалы ұсыныстар мен талаптар қойып, жұмыс істеген, еңбегі сіңген адамдар ғана лайық", - деді Сәуле Әбілдаханқызы.

Журналист 25-35-тегі жастар жергілікті мәслихаттарда отыруы керек екенін атап өтті.

" Ал парламентке тәжірибелі кадрлар ғана бару керек! "Кадрлар бәрін шешеді", - деді ол.

Еске салайық, 10 қаңтардағы мәжіліс сайлауы қорытындысы бойынша Nur Otan партиясынан ұсынылған Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі, қоғам белсендісі Мәди Ахметов 25 жасында мандатқа ие болды. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанды.

Талқылау