Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тарихындағы ең жас депутат: Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған белсенді Мәжіліс депутаты болмақ

Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі, қоғам белсендісі Мәди Ахметов 25 жасында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер қатарына енді. Егер ол депутаттыққа тағайындалса, еліміздің тарихындағы ең жас депутат атанады. Мәди Ахметов туралы тағы не белгілі? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін Nur Otan партиясы мәжіліс депутаты болатындардың есімдерін жариялады. Партиядан 76 кандидат парламентке енетіні белгілі болды. Оның ішінде 25 жастағы Алматы қалалық Jas Otan ЖҚ-ның жетекшісі Мәди Ахметов те бар. Ол Қазақстан тарихындағы ең жас депутат атанды. Қоғам белсендісінің бұл жетістігі желіде қызу талқыланып, түрлі пікір туғызуда. 

Сондай-ақ ол небәрі 23 жасында деканның орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ал 2020 жылы өткен праймеризге қатысып, партияішілік сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинағандардың бірі болды.

Оның сөзінше, қазір қоғам арасында тек бай болсаң ғана депутаттыққа ілінуге болады деген пікір қалыптасқан. 

"Мен бизнеспен айналысатын байлар ғана депутат бола алады деген көзқарастың дұрыс емес екенін дәлелдеу үшін праймеризге қатысуға бел будым. Дауыс беру тізімінде алдыңғы орынға табан тіреген ұстаздарды, дәрігерлер мен қоғам қайраткерлерін көргенде партияның бәріне ортақ шарттар қалыптастырғанын аңғардым. Праймериз - нағыз қоғамдық лифт", - деп пікір білдірген болатын. 

Stan.kz тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. 



Айта кетейік, бұған дейін Мәди Ахметов жастар атынан сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған еді. Бұл ұсынысы қоғамда белсенді талқыланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр