"Парижге жолдама": Фариза Төреәлі әкесінің туған күнінде ерекше жазба жариялады
Белгілі блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне Парижге жолдама сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Төреғали Төреәлі әкесін қуантқан қарындасының сыйлығына риза болып, “Енді Тоғали көке Пағижде демалады", – деп әзілдеді.
“Әкемнің туған күніне анам екеуіне Пағижге жолдама. Әкемнің сыйлығына анам қатты қуанды. Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе "отбасым" деп ішкен асын жерге қойып біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгіп жатыр. Әкешім, туған күніңіз құтты болсын! Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы, қатты қуанды”, – деп жазды блогер.
-
"Оңай болмайтынын білмедім": Фариза Төреәлі ерте тұрмыс құруға қатысты ойын бөлісті
-
"Ана атануға дайын болмадым": Фариза Төреәлі жүктілігі жайлы сөз қозғады
Cонымен қатар туған күн иесі құттықтап жатқан барлық оқырманға алғыс білдірді.
“Бүгін менің туған күнім, ең үлкен бар байлығым бала-шағам, немерелерім, жақындарыммен тойлауды нәсіп етті Аллаға шүкір! Парижге әжесімен бірге баруға жолдама Дара қызымнан болды. Дастарханымыз қуанышты күннен жиылмасын, сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды Төреәлі Әлиханұлы.
Еске салайық, Төреғали Төреәлі қазақтың ырым-тыйымдарына қатысты пікір білдірген еді.