Парижде Луврды тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды
Фото: Benoit Tessier / Reuters
Полиция Луврды тонады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олар шамамен 30 жастағы Францияның орталық бөлігіндегі Сен-Сен-Дени аймағының тұрғындары болып шықты. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Le Parisien басылымы күдіктілердің ұсталғанын жазды. Олар “ұйымдасқан ұрлық” және “қылмыс жасау мақсатында қылмыстық сөз байласу” баптары бойынша ұсталған. Тергеу мәліметінше, ұрлыққа барлығы төрт адам қатыстқан.
ТАСС-тың хабарлауынша, күдіктілердің бірі Париждегі Руасси – Шарль-де-Голль әуежайында Алжирге ұшаққа мінбек болған сәтінде ұсталған.
Еске салайық, бұған дейін Парижде Лувр мұражайынан бағалы зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазған едік. Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, ұрланған жәдігерлердің міндетті түрде қайтарылып, кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты. Ал осыдан бұрын Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар