Париж олимпиадасына жолдама алған гимнастшы Румыниядағы турнирде өнер көрсетеді
Көркем гимнастикадан Париж олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эльжана Таниева 23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан өтетін әлем кубогінде сынға түседі. Бұл турнир гимнастар үшін Париж олимпиадасының алдындағы маңызды турнир болмақ. Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да сынға түседі.
Айта кетейік, Эльжана Таниева – Париж олимпиадасында көркем гимнастикадан өнер көрсететін жалғыз спортшы. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

