Парацетамолды басқа қандай дәрімен алмастыруға болады
Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік тізілімде тіркелген құрамында парацетамолы бар препараттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызуды төмендететін құралдар тізімінде:
Парацетамол;
ТераФлю;
Цефекон;
Панадол;
Эффералган
Цитрамон П;
Фервекс және басқалар.
Төменде Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК-да ұсынылған дәрілік препараттардың толық тізімі келтірілген.

Айта кетейік, Қазақстанның көптеген қалаларының тұрғындары парацетамол мен басқа да препараттардың тапшылығына шағымданып жатыр.
Осыған орай Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылатын болды.
Ал денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған