Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алған: Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан шағын кәсіпорындарды жеделдетіп және кедергісіз өткізгені үшін және кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алғаны үшін Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері құрықталды.



Шенеуніктер Шымкент қалалық Ішкі істер бөлімінің изоляторына қамалған.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты жария етуге болмайды деді ведомство өкілдігі.

Талқылау