Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жылға сотталды: Миллион долларға жуық жалған ақшаны сатпақ болған алматылық тұрғын жазаға тартылды

Миллион долларға жуық жалған ақшал сатпақ болған алматылық тұрғын 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг аумақтық департаментінің мәліметінше, ер адам 2020 жылдың қараша айында оңтүстік астанада қолға түскен. Күдікті ол кезде 293 мың жалған АҚШ долларын сатпақ болған уақытта қылмыс үстінде ұсталған.

"Тергеу әрекеттерінің деректері бойынша, Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналды құны 100 долларды құрайтын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан", - деп толықтырды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.



Құрықталғаннан кейін жедел әрекет ету қызметкерлері бірден жалған ақша жасаушының тұрғылықты жеріне барады. Іздестіру нәтижесінде олар контрафактілік өнімдердің бұдан да үлкен партиясын тәркілеп, заңзыз айналымдағы барлығы 975 мың АҚШ долларының жолын кескен.

Тергеу аяқталғаннан кейін жалған ақша жасау және сату бойынша іс сотқа жөнелтілді. Айыпталушы кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы мониторингі сондай-ақ Қазақстан азаматтарын қолма-қол ақшаны төлеу кезінде сақ болуға шақырып, жалған банкноттарды анықтаған жағдайда дереу +7 (7172) 708 478 сенім телефоны арқылы агенттікке хабарласуды сұрайды.

Талқылау