Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған еуролар арқылы алаяқтық жасаған қазақстандық 5 жарым жылға сотталды

Қазақстандық азамат жасанды ақшаны заңсыз пайдаланғаны және сатқаны үшін 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алаяқтық схемасын ұйымдастырып сол арқылы жалған еуролармен пайда тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

АФМ аумақтық департаментінің мәліметінше, жалған валютаның ірі ұйымдастырушысы Шымкентте қолға түскен.

"Азамат Б.Қорғанбаев алаяқтық схеманы ұйымдастырып – бұрын Өзбекстанда 50% құнына сатып алынған жалған еуроларды әртүрлі жолмен сата бастаған. Шымкент банктерінің бірінің қызметкерлерінің төрт мың еуроны клиенттерге сату фактісі анықталды. Тергеу әрекеттері барысында Қорғанбаевтың бұл ақшаларды сату процесіне қатысы бар екені анықталды"6 – делінген хабарламада.


Батыс Қазақстанда көріпкел зейнеткердің 1,9 млн ақшасын жалған ақшамен алмастырып кеткен


Сонымен қатар ол өзінің таныстарынан теңгемен алынған қарызын жалған еуролармен қайтарған. Жалпы алғанда, ол осылайша айналымнан толығымен алынған 10 мың жалған еуроны сатып үлгерген.

Жалған ақшаны заңсыз пайдаланғаны және сатқаны үшін қылмыскер 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бұған дейін Қорғанбаев алаяқтық әрекеті үшін сотты болған.


Алматы облысында алаяқ алты миллион теңгеге зейнеткер мен мүгедектерді екі жыл бойы алдап келген


 

Талқылау