Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көбінесе қандай банкноттар қолдан жасалады

Елімізде жиі жасалатын жалған банкноттар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап. 

2020 жылы анықталған жалған банкноттар туралы Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев түсіндірді. 

Оның айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета).

"Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%", - дейді Әбішев. 

Ұлттық банк өкілінің мәлімдеуінше, жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.

Талқылау