Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алды деп күдіктелген бұрынғы мәдениет және спорт министрі айыппұлмен құтылып кетті

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке қатысты сот үкімі шықты. Экс-вице-министрге қызметтік лауазымын пайдаланып алаяқтыққа барды деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот үкімі Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық сотында айтылды. 

Айта кетсек, экс-шенеунік ақпан айында 15 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот шешіміне сәйкес енді Мұсайбеков мемлекетке 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

“2021 жылдың 7 айында мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлерге қарсы 40 қылмыс тіркелді, олардың 27-сі аяқталды, 25-і сотқа жіберілді. Аталған қылмыстар бойынша 8 адам сотталды. Мәдениет және спорт министрлігі үшін бөлек алатын болсақ, 2020 жылы және осы жылдың 7 айында сот тергеуде 15 қылмыс болған. Негізінен бұл қылмыстар ұрлық, қызмет бабын теріс пайдалану, пара алу және қызметтік алаяқтықпен байланысты”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істері бойынша тергеуші Данияр Биғайдаров.


Мәдениет және спорт министрі отставкаға қашан кететінін айтты

Талқылау