Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков букмекерлік кеңселердің мүддесін алға тартты деп айыпталды
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің қамауға алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан букмекерлік кеңсе және жалпы патронат саласындағы мүдделері үшін пара алды деп күдіктелуде", - деді Агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Соттың мақұлдауымен пара алушы мен пара беруші қамауға алынғандығы атап өтілді.
"Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - деп қосты Данияр Биғайдаров.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"