Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемияның күтпеген салдары аталды

Халықаралық ғалымдар тобы 2020 жылдың бірінші жартысында улы газдардың ауадағы мөлшерінің бұрын-соңды болмаған төмендеуіне әкеліп соқтырған COVID-19 салдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, газ шығарындыларының төмендеуі 2008 жылғы қаржы дағдарысы мен екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына қарағанда күшті болды.

Зерттеушілер сағат сайын электр энергиясын өндіру, әлемнің 400 қаласындағы көлік құралдарының қозғалысы, сондай-ақ күнделікті жолаушылар рейстері туралы деректерді талдады.

Әр түрлі елдердегі билік COVID-19 алғашқы толқынының жолын кесу үшін қатаң карантиндер енгізгеннен кейін, жер үсті көлігінен, энергетикадан және авиациядан шығатын көмірқышқыл газының шығарындылары күрт төмендеді, төмендеу үлесі 8,8 пайызды құрады.

Ғалымдар көліктен шығатын көмірқышқыл газының шығарындылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 40 пайызға төмендегенін анықтады, ал электр энергиясын өндіруден және өнеркәсіптен шығарылатын қалдықтар сәйкесінше 22 және 17 пайызға төмендеді.

Бейжіңдегі Цинхуа университетінің Жер туралы ғылымдар факультетінің қызметкері Чжу Лю  бұл пандемияның шығарындыларға әсері туралы барлық зерттеулердің ішіндегі ең дәл зерттеу екенін айтты.

"Біз шығарындылардың азаюы әр елдегі оқшаулау шараларына қалай сәйкес келетінін көрсететін уақыт шеңберін қоса алғанда, әлдеқайда тез және дәл  шолу жасай алдық, - деді Nature Communications-те жарияланған зерттеудің жетекші авторы Чжу.

Алайда шығарындылар әдеттегі деңгейіне 2020 жылдың шілдесіне қарай қайта оралды, бұл кезде көптеген елдер оқшаулау шараларын жеңілдетті. Бұл ретте 2020 жылы шығарындылардың қысқа мерзімді төмендеуі ұзақ мерзімді перспективада климаттық төтенше жағдайды жеңілдетуі екіталай. Энергия тұтыну мен өндіріс жүйесіндегі күрт өзгерістер ғана ғаламдық жылынуды тежей алады.

Талқылау