Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда жаңбыр салдарынан 86 адам қаза тапты

Пәкістанда маусым айының соңынан бері муссондық жаңбыр толассыз жауып жатыр. Жауын салдарынан су тасқыны мен көшкін жүріп, 86 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Пәкістанның Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Соңғы 24 сағат ішінде Пенджаб пен Синд провинцияларында жаңбыр салдарынан алты адам қаза тапты. Жаңбырлы маусым басталғаннан бері ел бойынша кем дегенде 86 тұрғын қаза болып, 150-ден астам адам зардап шекті", - делінген министрлік хабарламасында.

Ең көп құрбан болғандар Пенджаб провинциясында тіркелді. Онда су тасқыны мен көшкін жүріп, ғимараттардың опырылуы салдарынан 52 тұрғын өмірімен қой айтысты.

Су тасқыны Пенджабтың әкімшілік орталығы Лахорға үлкен шығын әкелді. Су тасқыны мегаполис тұрғындарының 35 пайызы тұратын аумақтарды басып қалды. Ол жерде электр қуаты үзіліп, көлік қатынасы тоқтап, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қиынға соғуда.

Синоптиктер алдағы күндері Пенджаб штатында жаңбырдың жалғасуын және Рави мен Сутлеж өзендерін су басу қаупі бар екенін ескертті.

Жазғы муссон жыл сайын маусымнан қыркүйекке дейінгі кезеңде Пәкістанға жылдық жауын-шашынның 70-80%-ын әкеледі. Өткен жылы муссондық жаңбыр салдарынан болған су тасқыны 1700 адамның өмірін қиған еді.

Талқылау