30 адам қаза тапты: Пәкістанда ер адам мешітте өз-өзін жарып жіберген
Пәкістан мешітінде жұма намазы кезінде ер адам өзін-өзі жарып жіберді. 30 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: REUTERS басылымынан
Жергілікті полиция жарылыстың Пәкістандағы Пешавар қаласында болғанын мәлімдеді. Жарылысты лаңкес ұйымдастырған.
Жарақат алған адамдар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр. Аурухана өкілдері 10 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
Кей ақпарат көздерінде лаңкестің жалғыз әрекет етпегені айтылған.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан құтқару қызметіне толыққанды көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Пәкістанда 2016 жылы болған еді. Жұма намаз кезінде лаңкес өз-өзін жарып, 16 адам қаза тапқан болатын. Тағы 20-дан аса адам түрлі жарақат алған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"