Пайдаланушылар ChatGPT және басқа да жасанды интеллект желілерінің жұмысындағы ақауларға шағымдануда
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар ChatGPT, Claude, Grok, Google Gemini және басқа да жасанды интеллект сервистерінің жұмысындағы ақауларға жаппай шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пайдаланушылар хабарлама жібере алмай, жауап күту кезінде қиындыққа тап болғандарын айтады.
Желілердің жұмысына қатысты шағымдар шамамен бір уақытта түсе бастаған. Бір тәулік ішінде ChatGPT жұмысындағы ақауға қатысты хабарламалар саны 6,5 мыңға, Claude бойынша 320-ға, Grok бойынша 170-ке, ал Gemini бойынша 140-қа жеттті.

Пайдаланушылар нейрожелілердің ашылмай жатқанын, ал чатқа кіріп, хабарлама жіберуге әрекет жасаған кезде "404" қатесі шығатынын айтып шағымдануда.
Detector404 мәліметінше, сервистердің жұмысындағы ақауларға Ресей, АҚШ, Германия, Нидерланд және Қазақстан пайдаланушылары шағымданған.
Сондай-ақ Fortnite компьютерлік ойынының жұмысында да ақау орын алды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Telegram желісіндегі ақауға шағымданғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған