Өзінің жүкті екенін білмеген әйел ойламаған жерден көз жұмды
Ұлыбританияның тұрғыны жүктіліктің бесінші айында түсік тастап, күтпеген жерден қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хроника Live" басылымына сілтеме жасап.

Эшингтонда тұратын 44 жастағы Лиан Троутонның асқазаны ауырған. Көп ұзамай оның жағдайы нашарлап, 20 желтоқсанда күйеуі оны ауруханаға алып келеді.
Келесі күні жұбайына ауруханадан қоңырау келіп, оның әйелі жүктіліктің бесінші айында екенін, оның түсік тастағанын және сепсиспен жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
- "Телефоны ауылдан шыға бере өшкен": Жүктіліктің алтыншы айында жүрген әйел Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға барар жолда із-түссіз жоғалып кеткен
- Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыз бала жүкті болды: 40 жастағы күдікті ұсталды
Сепсис жүрек қақпақшаларының біріне әсер ете бастағанда Лианнаның жағдайы нашарлаған. Ол басқа ауруханаға ауыстырылып, өмірін сақтап қалу үшін жүрекке ашық ота мен трахеотомия жасалды.
Бір аптадан кейін дәрігерлер келіншектің өмірін құтқарып қала алмағандарын айтты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр