Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телефоны ауылдан шыға бере өшкен": Жүктіліктің алтыншы айында жүрген әйел Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға барар жолда із-түссіз жоғалып кеткен

32 жастағы әйел жүктіліктің алтыншы айында Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдан Қарағандыға кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалған Гүлнәр Сәрсенованың азаматтық некеде тұратын күйеуі Александр Ершов еріктілер мен полицияға хабарласқан. Ол 14 қаңтарда әйел таксимен кетіп қалғанын, бірақ оның телефоны Қосшы ауылынан төрт шақырым жерде өшіп қалғанын айтқан.

Александрдың айтуынша, ол Қарағандыға азаматтық әйелін іздеуге тоғыз рет барған, бірақ әйелі табылмаған.

"Ең қызығы, туыстарына да, анасына да, ешкімге бармаған", - дейді ол.

"Ол, әдетте, телефонда үнемі отыратын адам. Ал қазір ол Одноклассники да, ватсапта да, Instagram-да да болмаған. Маған жаман ойлар келеді. Мен үйге келемі де қайтадан шыққым келіп тұрады. Майқұдық, Қарағандыға барамын. Фотосуретін көрсетіп жүрмін, елге бәрібір", - дейді ол.



Гүлнар Қарағандыда туған. Бұрын 13-шағын ауданда тұрған. Қазір Нұр-Сұлтаннан бес шақырым жерде Қосшы ауылында тұрады. Александр әйелімен арада жанжал болмағанын және ол туған жеріне не үшін барғанын білмейтінін айтады.

Ол Қарағандыдағы полиция бөлімінде оның өтінішін қабылдамағанын, оны әйелдің тіркелген жері бойынша бергенін айтты. Еріктілерге де жүгінген. Ер адам кіреберістегі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шыққанша видео өшіп қалғанын айтады. Себебі ол тек жеті күн сақталады екен.

 

Талқылау