Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік диплом берілмейді: Сарапшылар не дейді?

Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі дипломдар күшін жойды. Жаңа жылдан бастап, еліміздегі жоғарғы оқу орындары жеке дипломдар беретін болады. Бұл туралы мамандар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар-24" арнасына сілтеме жасап. 

Негізгі міндет - жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттыру. Бірақ сарапшылардың пікірінше, қазақстандық жоғары оқу орындары мұндай өзгерістерге әлі дайын емес.

Мемлекеттік диплом - үйреншікті бұрыннан белгілі құжат. Бұдан былай әр университет ресми құжаттың дизайны мен формасын таңдауға құқылы. Енді білім министрлігінің мөрі болмайды.

Сарапшылардың пікірінше, жұмыс беруші дипломдағы ЖОО-ға қарап, жұмыскер таңдайтын болады. Осылайша, танымал емес университеттердің түлектерінің жұмысқа орналасуға мүмкіндігі аз болады. 



"Кез келген диплом - университет сапасын көрсетеді. Осыған байланысты университет кез келген түлектің жұмысқа жарамдығын растап, кепілдік береді. Жеке дипломдар университеттердің арасындағы бәсекелестікті арттыратыны туралы айтылды. Бұл жүйеде ең маңызды фактор - жұмыс беруші", - дейді Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев. 

Мұндай жағайда аймақтардағы университеттерге ауыр болатынын айтады мамандар. Өйткені облыстардағы білім ошақтары Алматы мен Нұр-Сұлтандағы университеттермен бәсекелесе алмайды. Бұл аймақтық университеттердің жабылуына әкелуі мүмкін. 

Бірақ бәрінен бұрын сарапшылар жаңа типтегі құжаттардың сапасына алаңдайды. Сарапшылар бірнеше жылдан кейін жалған дипломдар мен қабілетсіз мамандар көбейеді деп алаңдаушылық танытты.

"Енді заңның нормативтік құқықтық актілері қалай орындалады деген сұрақ туындайды. Егер осы стандарттарды айналып өту мүмкін болса, онда, әрине, жалған дипломдардың көбеюі мүмкін. Мұндай құжаттар қазір де бар. Біз 200 студенттің университетке түсіп, 500 адам бітірген жағдайларды білеміз. Бұл процедура реттеледі деп ойлаймын", - дейді тәуелсіз сарапшы Аятжан Ахметжанұлы. 

"Құжаттарды тексеру үшін ол министрлік жүргізетін арнайы тізімге тіркеледі. Оның арнайы коды, сериясы мен нөмірлері болады. Соңғы 5 жылда алынған дипломдар eGov-қа тіркелген. Қазір әркім өз дипломын көріп, шығарып ала алады. Себебі білім туралы барлық құжаттар цифрландырылуда. Қазір 2 миллионнан астам құжат цифрланған", - дейді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Бану Нарбекова.

Айтпақшы, инновация медициналық университеттерге әсер етпейді.

"Денсаулық кодексінде жалпы үлгідегі диплом беріледі деп жазылған. Мемлекет барлық медициналық оқу орындары сапалы дәрігерлер оқытып шығарады деп кепілдік береді. Ал диплом бәріне бірдей талаптарға сәйкес беріледі", - дейді Астана медицина университетінің ректоры Дайниус Павалкис. 

Еске салсақ, осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейтіні туралы айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр