Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі ЖОО-ларда оқитын қазақстандықтарға дипломдық жұмысын қашықтықтан қорғауға рұқсат беріледі

Пандемияға байланысты Ресейге келе алмайтын қазақстандық студенттерге диссертацияларын қашықтан қорғауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай келісімдерге Ресейдегі Қазақстанның елшілігі дипломаттарының ғылым және жоғары білім министрлігі, білім министрлігі, Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

Ресейдегі Қазақстанның дипломатиялық қызметінің сайтында хабарланғандай, ғылым және жоғары білім министрлігі Ресей университеттерін жеке оқу жоспарларын құруға немесе қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқуға келе алмайтын студенттерге академиялық демалыс беруге шақырды.

"Қашықтықтан оқу форматына көшуге байланысты шегерімдер жасалмайды. Оқу бітіргенге дейін елге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтан режимде қорғау қарастырылған", - делінген Қазақстан елшілігінің хабарламасында.

"Елшілік қазақстандық студенттерге қатысты жағдайды бақылауда ұстайды, жұмыс жалғасуда", - деп хабарлады департамент. 

Талқылау