Өзінен 14 жас кіші: Әнші Кентал өзге ұлттың өкілімен үйленді
Кентал атымен көпшілікке таныс Талғат Кенжеболатов некесін қиды. Әнші өзіне 14 жас кіші өзге ұлт өкілін жар етіп алды.

Бұл туралы "ShowNewsKZ" арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің жарының есімі Милана.Ұлты - түрік. Мамандығы - хореограф. Кентал сүйіктісімен 17 сәуір күні неке қидырған. Тіпті қалыңдығы өзінің тегіне жазылған.
Жас жұбайлар карантин уақыты аяқталысыме той күнін белгілеуге дайын отыр.
"Біз тойда танысқанбыз. Ол менің досымның әйелінің құрбысы. Өте жақсы адам. Бастысы - адал. Сол мінезі ұнайды. Менен 14 жас кіші, түріктің қызы. Бірақ махаббат жасқа да, басқаға да қарамайды", - едді әнші.
Бұған дейін Кентал сүйіктісіне ел алдында ұсыныс жасап, жауабын алған болатын. Енді той қамымен жүр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар