Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіне қол салды деген Маржанның өліміне қатысты тергеу қайта басталды

Фото: Lada.kz

Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Қартбай Маржан Сұлтанғалиеваның өліміне қатысты тергеудің қайта жалғасып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қаласының прокуратурасы Ақтау қалалық полиция басқармасы тергеушісінің Маржан Сұлтанғалиеваның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын жойып, істі жан-жақты әрі толық тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеуге бірқатар тапсырмалар берді.

Еске салайық, 1 қаңтарда Ақтаудағы бір пәтерден қыздың мәйіті табылған. Полиция бұл жағдайды суицид деп мәлімдеген. Алайда марқұмның туыстары оның өзіне қол салғанына сенбейді.



Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша тіркелген. Бірақ марқұмның туыстары тергеуде бірқатар күмәнді жайттар бар екенін айтады. Олардың пікірінше, тергеу барысында барлық қажет шаралар толық жүргізілмеген, әсіресе Маржанның психоэмоциялық жағдайына тиісті сараптама жасалмаған. Сонымен қатар кейбір процессуалдық әрекеттер уақытылы әрі дұрыс тіркелмеген, ал жәбірленуші тараптың уәждері толық қаралмаған.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 26 Сәуір, 2026 17:39