"Союз" зымыраны ғарыштық жүк кемесімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды

Фото: Роскосмос
26 сәуір күні Қазақстан уақытымен сағат 03:22-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыраны "Прогресс МС-34" жүк кемесімен бірге ұшырылды. Жүк кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні Астана уақытымен 05:01-де түйіседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Прогресс МС-34" Халықаралық ғарыш станциясына 2500 келіден астам жүк жеткізеді”, – деп хабарлады Роскосмос.
Ғарыш кемесінің жүгінде:
- Станцияны жанармаймен толықтыруға арналған отын;
- Экипажға арналған азық-түлік;
- Ауыз су;
- Санитарлық-гигиеналық заттар;
- Халықаралық ғарыш станциясының ішкі атмосферасына қажет оттегі бар.
Сонымен қатар жүктің арасында ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа "Орлан МКС" скафандры да бар.
- Қазақстанда метеорологиялық зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды
- Қазақстан Ресеймен бірлесіп, "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышын ұшырмақ
Сонымен қатар орбитаға тәжірибелер жүргізуге арналған жабдықтар мен шығын материалдары да жіберіледі.
Олардың ішінде:
"Виртуал" – VR-очкалар мен ағза реакцияларын бақылайтын құрылғылар арқылы салмақсыздықтың көру қабілетіне, вестибулярлық жүйеге және кеңістікте бағдарлануға әсерін зерттейді;
"Нейроиммунитет" – стресс жағдайының иммундық жүйе мен жүйке жүйесіне әсерін зерттейді;
"Коррекция" – ғарыш ұшуы кезінде сүйек тінінің массасын жоғалту мәселесін қарастырады;
"Биодеградация" – Халықаралық ғарыш станциясысы ішіндегі материалдарға микроорганизмдердің әсерін тексереді;
"Сепарация" – суды қайта өңдеу және қалпына келтіру әдістерін зерттеп, жетілдіреді.
Еске салайық, “Байқоңыр” ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 16:59:51-де №31 алаңнан "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы "Прогресс МС-33" жүк тасымалдаушы ғарыш кемесімен бірге ұшырылды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек