Әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан Мұхамедрақым Тоқаевпен кездесті
Әлемнің үздік тревел-блогері атанған қазақстандық Дастан Мұхамедрақым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жайт туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кездесу барысында ол Президентке шығармашылығы жайлы айтып берді.
Блогер Мемлекет басшысымен кездесу өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.
“Мен негізі "Қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім”, – деді ол.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалай видеоларының арқасында қандай жетістікке жеткенін де айтты.
Еске салайық, бұған дейін Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялағаны хабарданған еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар