Реконструкциядан кейін Алматы әуежайында 2000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Фото: pixabay.com
Көлік министрлігі Алматы халықаралық әуежайында 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бас жоспар аясында ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін әуежай бұрынғыдан әлдеқайда көп жолаушы, нақтырақ жылына 40 миллионға дейін жолаушы қабылдай алады. Сондай-ақ шамамен 2300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Алматы әуежайында қазір ішкі рейстерге арналған Т1 терминалын толық жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жолаушыларды тіркеу және багаж беру аймақтары жаңартылып, бұл жұмыстарды биыл шілде айында аяқтау жоспарланып отыр.
"30 ел, 109 ұшақ": Қазақстанда ұшақтар мен әуе бағыттары көбейді
Сонымен қатар әуежайда автотұрақ аумақтары кеңейтіліп, аумақ ішінде қонақүй кешенін салуға арналған алаң дайындалып жатыр.
Халықаралық Т2 терминалында төбедегі құрылымдар мен ұшақ тұрағында әуеайлақ инфрақұрылымының маңызды нысандары жаңартылуда. Олардың қатарында жанармай құю кешені мен ұшақтарды мұздан тазарту алаңдары да бар.
Бұл жұмыстардың барлығы "Horizon" мастер-жоспарының бірінші кезеңіне кіреді. Жоба 130-дан астам инфрақұрылымдық бастаманы қамтиды. Солардың ішінде:
- ұзындығы 4400 метр жаңа ұшу-қону жолағына арналған такси жолын салу,
- ұшу-қону жолағын қайта жаңарту,
- VIP перрон мен тұрақ орындарын жаңарту,
- жүк перронын салу,
- техникалық қызмет көрсету ангарының құрылысы бар.
Айта кетейік, Алматы әуежайының Майлин көшесінде орналасқан негізгі есігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында кіреберістегі аркалық құрылым жаңарлытып, бірқатар жақсарту жұмыстары жүргізіле бастағаны туралы жазған едік.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек