Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәби ТЖМ тікұшағымен Қызылордаға шұғыл жеткізілді

Фото: Видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Қармақшы ауданынан жаңа туған сәбиді Қызылордаға жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәби шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан экипаж Төретам кентіне ұшып шыққан. Бала дәрігерлермен бірге облыс орталығына жеткізілді.

Жаңа туған нәрестенің жағдайы нашарлап, тікұшақ алдыртуға тура келген. Көлікпен тасымалдау тым көп уақыт алатындықтан, ТЖМ тікұшағы көмекке келді.

Экипаж ауданға аз уақыт ішінде жетіп, сәбиді медициналық қызметкерлермен бірге Қызылордаға жеткізді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 26 Сәуір, 2026 08:49