Шымкентте екі жасар бала 24 метрлік құдыққа құлап кетті: Қараусыз қалған

Фото: ТЖМ
Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлап кеткен екі жасар қыз құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден шақырту түскен. Ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткен.
“Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды”, – деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігі.
Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Ведомство өкілдері ересектерге баланы қараусыз қалдырмау керек екенін ескертті.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді