Ақтау билігі қаланы мамыр мерекелеріне безендіру үшін 30 миллион теңге жұмсайды

Фото: Абай облысы әкімдігі
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі алдағы мамыр мерекелеріне орай облыс орталығын безендіру жұмыстарымен айналысатын мердігерді анықтау үшін конкурс жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
1, 7 және 9 мамырда республикада Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелері аталып өтеді. Қала билігі іс-шараларға 30 миллион теңге жұмсамақ.
Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған лоттың техникалық сипаттамасына сәйкес, қала айтарлықтай ерекше безендірілмейді.

Фото: Мемлекеттік сатып алу
Болашақ мердігер ұйымға мынадай міндет жүктеледі:
- 16 брендмауэр орнату;
- Билбордтарға 180 баннер дайындап орналастыру;
- 36 баннерді қайта тарту;
- Әр мерекеге 30 ту салынған себет қою (жалпы тематикалық тулар саны – 5 040);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ілу.
Бұдан бөлек, қолданыстағы 104 ту бағанын жөндеу және LED-экрандарға арналған тақырыптық бейнероликтер әзірлеу қарастырылған.
- "Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
- Қазақстандық автобустар жаңа Конституцияға байланысты референдум туралы ақпаратпен безендірілуде
Көрсетілген сомаға конструкцияларды орнату да, кейін алып тастау да кіреді. Олардың басым бөлігі қаланың орталық көшелеріне орналастырылады.
Конкурс 23 сәуірде жарияланған, оны 27 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді