Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде құтқарушылар өрттен 6 баллон шығарып, жарылыстың алдын алды

Фото: Видеодан скрин

Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан техникалық қызмет көрсету станциясынан алты баллонды сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өскемен қаласында Целинная көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында ыдыстағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанып кетті.

“Өрт 102 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ашық жану мен қою түтінді көрген. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті сөндіру ұйымдастырылып, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.



Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 26 Сәуір, 2026 15:51