"Атыссыз өтпейді": Ақ үй өкілінің кешкі ас алдында айтқан "болжамы" дөп келді

Фото: Видеодан скрин\truthsocial.com/@realDonaldTrump
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде өткен, АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан кешкі ас кезіндегі атыстың алдында болжамды мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кешкі ас басталардан бірнеше минут бұрын баспасөз хатшысы Трамптың алдын ала дайындалған сөзін түсіндіре отырып, "бұл шара атыссыз өтпейді" деген еді.
"Ол нағыз шоу жасайды, маған сеніңіздер. Бүгінгі сөзі Дональд Трамптың дәстүрлі стиліндегі классикалық үлгі болады. Әдеттегідей, бұл көңілді әрі әсерлі болады, және әрине, “атыссыз” өтпейтіні анық. Арнадан кетпеңіздер, керемет болады! Өзім де асыға күтіп отырмын", – деді Левитт.
25 сәуір кешінде Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде Ақ үй тілшілері қауымдастығының қабылдауы кезінде атыс болды. Жыл сайын өтетін әс-шараға Дональд Трамп алғаш рет қатысқан еді.
Оқиғадан кейін ізі суымай ұсталған күдікті іс-шарада кімді нысанаға алғанын айтты.
“Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне берген жауабында ол америкалық көшбасшы әкімшілігінің шенеуніктерін көздегенін айтқан”, – деп жазд CBS News екі дереккөзге сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарындағы тағы бір дереккөздің айтуынша, күдікті нақты нысанасы Трамп емес, "әкімшілік шенеуніктері" екенін көрсеткен.
Вашингтонда Дональд Трамптың қатысуымен өткен Ақ үй тілшілерінің кешкі асында оқ атқан адам – Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Аллен екені белгілі болды.
Күдікті – Калифорния штатындағы Торранс қаласында мұғалім. LinkedIn профиліне сәйкес, Аллен 2017 жылы Калифорния технологиялық институтын машина жасау мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Былты Калифорния мемлекеттік университетінің Домингес-Хиллз кампусында компьютерлік ғылымдар бойынша магистр дәрежесін алған.
АҚШ Федералдық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2024 жылдың қазан айында ол Камала Харристің президенттік науқанына 25 доллар көлемінде қайырымдылық жасаған.
Билік өкілдерінің пайымынша, бұл оқиғаға басқа ешкімнің қатысы жоқ. Полицияның нұсқасы бойынша, күдікті Washington Hilton қонақүйінде қонақ болған. Ал Алленнің көршісінің айтуынша, оның психикалық денсаулығына қатысты мәселелері болуы мүмкін.
Күдікті сенбі күні кешке Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде өткен, Дональд Трамп, АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп және вице-президент Джей Ди Вэнс қатысқан журналистер кешкі асына кіреберісте ұсталды. Трамптың айтуынша, күдікті қауіпсіздік қызметінің бір қызметкерін жаралап үлгерген.
Бұған дейін АҚШ презденті мен Мелания Трамп Вашингтондағы кешкі ас кезінде шұғыл эвакуацияланғаны туралы жазған едік. Кешкі асқа қатысқандардың кейбірі бірнеше қатты дыбысты естігенін айтқан, алайда олардың қайдан шыққанын білмеген.
Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Трамп бұл кешкі асқа АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысқан.
Кейін Құпия қызметтің коммуникациялар жөніндегі директоры Энтони Гульельми X әлеуметтік желісінде күдіктінің ұсталғанын жазды. Жазабаған сенсек, АҚШ Құпия қызметі Колумбия округінің полиция басқармасымен бірлесіп, Ақ үй жанындағы Тілшілер қауымдастығының кешкі асында металл іздегіштері бар негізгі тексеру аймағына жақын жерде болған атыс оқиғасын тергеп жатыр.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек