Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МАЭК-тегі оқиға: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Фото: Freepik.com

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында өндірісте жарақат алған МАЭК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне 23 сәуір күні сағат 19:48-де жүгінген. Екі науқас та офтальмолог маман тарапынан жедел тексеруден өтті.

"Тексеру нәтижесінде қасаң қабақты химиялық күйік шалғаны анықталды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты деп бағаланды, өміріне қауіп жоқ”, – деп мәлімдеді ведомство.

Науқастарға толықтай медициналық көмек көрсетіліп, қажетті амбулаториялық ем тағайындалды.



Еске салайық, Ақтаудағы “Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты” кәсіпорнында жұмыс кезінде тұз қышқылы шашырап, екі қызметкер күйік алғаны туралы жазған едік. 

Қызметкерлер “Газотурбиналық қондырғы-3” негізгі конденсаторын қышқылмен жуып жатқан. Ерітінді сорғы арқылы шлангпен өткен.

Жұмыс аяқталып, жабдық өшірілгеннен кейін шлангты ажырату кезінде ерітінді шашырап, жұмысшылардың беті мен көзіне тиген.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 26 Сәуір, 2026 19:35