"Өзіңді иттей сағындым": Продюсер Тимур Балымбетов алғаш рет сүйіктісін көрсетті
Белгілі қазақстандық продюсер Тимур Балымбетов алғаш рет сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: instagram.com/balukz/?hl=ru
Ол 7 желтоқсан күні Instagram парақшасында нәзік жандымен кездесуде отырған суретін бөліскен болатын. Алайда суретте әйел адамның жүзі жасырылған еді. Бұл жолы ол сүйіктісін көрсетуді жөн көрді.
«Осы жылдың ең тамашасы – өзіңсің. Сені иттей сағындым», - деп жазды ол суреттің тұсына.
Көпшілік суреттегі арудың продюсерге қарағанда әлдеқайда жас екенін сынға алды. Сондай-ақ, Тимур Балымбетов суреттегі аруға қатысты сұрақтарға жауап берді. Бірде бақыт тілегендерге алғыс айтса, енді екіншілеріне «Кенже қарындасым», «Әлеуметтік желіде отырмайды, телефоны жоқ» деп әзілдеді.
Осы орайда желі қолдануышларының пікірі екіге айырылды. Бірі оны қызғанатынын жазса, енді екіншілері ақ тілегін жаудырып, бақыт тіледі.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?