Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін «уақыт саяхатшысы» атаған ер адам 2118 жылы түсірілген суретті көрсетті (видео)

Александр Смит есімді ер адам өз «уақыт саяхатшысы» деп атап, 2118 жылы түсірілген суретті көрсетті, деп хабарлайды The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Өзі туралы видеоролик түсірген ер адамның айтуынша, ол орталық барлау басқармасының құпия жобасына қатыстқан.

«Орталық барлау басқармасы мені іздестіріп жатыр. Мен тығылып өмір сүрудемін», – дейді Смит.

Смиттің сөзінше, ол 1981 жылдан 2118 жылға көшіп, мұнан кейін қайтадан өзі өмір сүріп жатқан ортаға қайтып оралыпты.

Ер адам жасыл түсті бірнеше биік ғимарат бейнеленген суретті көрсетіп, оның болашақта түсірілгенін айтты. Десе де ол суреттің дәл қай жерде түсірілгенін атамады.

Сондай-ақ, ол ХХІ ғасырдың ортасында Жерге ақылды бөтен ғаламшарлықтар келетінін айтты.

Ал желі қолданушылар ер адамның сөзіне сенбей қойды. Олардың сөзінше, «ер адамның түрі уақытта саяхаттағаннан емес, маска киіп алғандықтан біртүрлі көрінеді».

Сонымен қатар қолданушылар сапасы нашар сурет пен ер адамның үстіндегі үлкен өлшемдегі костюмді сынап тастады.

Оқи отырыңыз:

Ер адам әйелінің жүкті екенін ұшқыштың хабарландыруынан естіді (видео)

Жілікті бір қолымен сындырған әже желі қолданушыларын таңғалдырды

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Талқылау