AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %
AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %

10 маусымнан бастап өзін-өзі оқшаулау ережесін бұзған қазақстандықтар үлкен көлемде айыппұл төлейді

Карантин режимін сақтамаған коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға 87510 теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. 

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі науқастарды оқшаулау және КВИ-мен ауырғандармен байланыста болғандар үшін арнайы ереже бекітті. Бұл талаптарды орындамағандарға әкімшілік жаза қарастырылмақ. Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді", – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасының көмегімен анықталады.



Карантинге жіберіліп, өзін-өзі оқшаулауға міндеттелген адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалар қолдануға негіз болады.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықтарды карантиндік талаптарды сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұлдар коронавирус сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын бақылауға көмектеседі деп үміттенеді", – деп толықтырды комитет. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр