Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме және отбасыма қысым көрсетілді": Қазақстан тумасы UFC-де өз елінің атынан өнер көрсетуден бас тартты

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC-де Қырғызстан атынан өнер көрсетпейтінін мәлімдеді. Ол бұл туралы өз Instagram парақшасында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі спортшының Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

физиев

Спортшы видеохабарламасында діни мәселеге байланысты қысым көрсетілгенін айтқан. Сонымен қатар елден көшуді жоспарлаған. 

 

 

"Бүгінде мен және менің отбасыма мүфтият және Қырғызстандағы кейбір белгілі азаматтар тарапынан қысым көрсетіліп жатыр. Бұл қудалаудың және өтірік видеолардың кесірінен барша Қырғызстаннан түрлі хабарламалар алудамыз. Әңгіме жүздеген, тіпті мыңдаған хабарламалар жөнінде болып отыр.

Мен ешкімді үгіттеген емеспін. Instagram парақшамда өзге миллиондаған адамдар секілді өз өмірімді көрсетемін. Өмірімді, күнделікті немен айналысатынымды көрсеттім.

Әр адамның өз ойы бар. Зайырлы мемлекетте барлығы заңға қайшы келмейтін іспен шұғылдануға құқылы. Мен де солай жасадым. Соның салдарынан бүгін мүфтият тарапынан қудалауға ұшырадым. Отбасыма қысым жасалып жатыр. 

Және айтарым – мен елден кетемін. Мені Қырғызстанмен тек төлқұжат қана байланыстырады. Жақын арада көшуді ойлап отырмыз. Өйткені барлығы осыған алып келді. 

Сонымен қатар Қырғызстан атынан жекпе-жекке шықпаймын. Себебі барлық хабарлама осы елмен байланысты", – деп мәлімдеді спортшы. 

Айта кетейік, Рафаэль Физиев 11 жасына дейін Қазақстанда тұрған. Ол UFC-мен келісім жасаған бірінші Қазақстан тумасы болды. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 14 Қазан, 2021 14:15
Талқылау