"Өзіме өзім басшы емеспін": Еркеш Хасен достарынан алдын ала кешірім сұрады
Жас әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында достарына өтініш айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/erkesh.khasen
“Құрметті, достар! Бәріне бір айтайыншы. Менің қазір продюсерім бар. Баяғыдай өз-өзіме басшы емеспін. Соны дұрыс түсініңіздер. Сахнада жалғыз тұрғаныммен, сахна артында еңбектеніп жатқан үлкен штат, команда бар. Бір қуанышқа шақырып, ол жерге бармасам, "Жұлдыз болып кеткенсің бе?" дейтін әңгімені естігім келмегесін жазып отырмын. Бір-бірімізді көтермелеп, дұрыс жағынан түсінейікші", – деп жазды Еркеш Хасен.
Бұған дейін Еркеш Хасен жеті айлығында анасының дүниеден өткенін айтып, көзіне жас алған еді.

"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"