"Өзімде жоқ жылулықты бере алмадым": Тұрсынбаева балаларына жан тебірентерлік жазба арнады
Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен қызына жан тебірентерлік жазба арнап, оқырмандарын тәнті етті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"30 желтоксан қара қызым дүниеге келсе 8 қаңтар дара ұлым дүниеге келген болатын. Менің қос қанатыма дұға тілеп қойыңыздар. Боталарым, екі дүниеде абыройлы болыңдар. Сендер жас болсаңдар да, жүректеріңе біраз салмақ түсті. Қандай қиын күндерде шырылдаған торғайдай екі жағымда жүрдіңдер. Өзімде жоқ жылулықты сендерге бере алмадым, соның бәріне түсіністікпен қарап, осы уақытқа дейін бір ренжіп көрмедіңдер. Аллахыма сансыз шүкірлер айттым. Иман байлығын тіледім жандарым", – деп жазба қалдырды Тұрсынбаева.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты