"Өзім кеттім, өзім келдім": Танымал блогер күйеуімен қайта қосылғанын мәлімдеді
Гитарист Ақсұңқар мен блогер Арайлым Әбілсейіт бірнеше ай бұрын жолдарының екіге айырылғанын хабарлаған еді. Бірер күн бұрын танымал жұп қайта қосылғандарын жария етті, деп жазады Stan.kz.
Арайлым Әбілсейіт қайын жұртынан кешірім сұрау үшін арнайы Шымкентке барғанын жасырмай айтты. Осы уақыт аралығында Ақсұңқардың қадірін түсініп, кетіп қалғанына өкінетінін жеткізді.
"Отбасының қадірін түсіне алмағаным үшін қатты өкінемін... Мен Ақсұңқармен қайта қосылуды ең дұрысы деп санадым! Олсыз маған өмір жоқ екенін, еркектің әйелден бір саты жоғары тұру керек екенін, әйел адам еркек сызған сызықпен жүру керек екенін осы жолы қатты ұғындым!
Мейрамбек Бесбаевпен сөйлескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр (видео)
Әйелдің бақытты болуы – екінші отбасын бақытты етуінде екен! Қатты өкінемін Шымкенттегі отбасымды тастап кетіп қалғаныма! Өзім кеттім, өзім келдім! Екінші отбасым тарапынан маған тағы бір мүмкіндік беріліп, Алланың қалауымен біз біргеміз…
Ұғынғаным: Алматы емес, отбасым артық екен... Алланың өзі кешірімді ғой! Қателіктерім үшін мені кешіріңіздер! Бұдан кейін қайталанбауына кепілдік беремін", – деп жазды ол.
Желі қолданушылардың басым дені жастар үшін қуанғанымен, екеуінің әрекетін "хайпқа" балағандар да табылды. Оған Ақсұңқар былай деп жауап берді:
"Адамның емес Алланың дегені болады! Бүгін Алматыдан Шымкентке келіп, осындай тосынсыйға тап болдым! Мен Алматыда жүргенде бұл кісі екі күн бұрын өзі Шымкентке келіп Анамнан, үйдегілерден
кешірім сұрап, барлығын реттеп қойыпты! Алладан үлкен емеспіз! Барлықтарыңыз қосылғанымызды қаладыңыздар ғой! ИншАллаһ бәрі жақсы болсын!
"Хайп, хайп" дейтін адамдарға айтарым, бастарыңызға түспесін бұл жағдай! Ешкім "Ажырасамын" деп қосылмайды! Шынымен де, бұлай болады деп ойламап едім! Алланың қалауымен қайта біргеміз! Батыл қадамын бағалаймын!"