Асхат Аймағамбетов қайтыс болғаннан кейін донор болуға дайын екенін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ағза донорлығына қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс кулуарында депутат өз ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін жеткізді. Дегенмен бұл мәселеде әр азаматтың өз шешімі болатынын атап өтті.
“Өзім дайынмын. Өйткені біз, әрине, өзіміздің шешімізді айтуымыз керек. Бұл – өте сезімтал сұрақ. Әр азаматтың өзінің шешімі бар. Кейбірінің діни ұстанымдары бар, кейбірінің басқа құндылықтары мен дүниеге деген өз көзқарастары бар. Сондықтан өздерінің шешімдері болу керек. Өйткені әр азаматтың ойы бар, – деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.
Еске салайық бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният журналистердің "сіз ағзаңызды трансплантациялау үшін өмірден өткен соң донор болуға дайынсыз ба" деген сұрағына жауап берген еді.
Министр "Иә, мен дайынмын, ниет білдірдім", – деп жауап берді.