Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Ажар Ғиният қайтыс болған жағдайда донор болуға келісетінін айтты

Министр ағза донорлығына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін жеткізді. Сөзінше, бұл мәселе бүгінде көп елде өзекті. 

“Мұнда медициналық емес, моральдық-этикалық тұрғысынан проблемалар бар. Адам өмірден өткеннен кейін оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тізім бар. Онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз  ойын еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық принципін білдірді, ішінде 15 %-ы келіскен. Біз бұл жұмыс бойынша ақпараттандыру шарасын жасаймыз. Мәселен, желтоқсан айында үлкен трансплантациялар болды. Екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалды. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, заң жобасын әзірлейміз”, - деді министр. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Ажар Ғинияттан "сіз ағзаңызды трансплантациялау үшін өмірден өткен соң донор болуға дайынсыз ба" деп сұрады. 

"Иә  мен дайынмын, ниет білдірдім",- деп жауап берді министр. 

Талқылау