Өзбекстанда қазақcтандық рэпер Jah Khalib-тің концертіне байланысты шу шықты (видео)
25 қарашада Ташкенттегі Humo Arona кешенінде қазақcтандық рэпер Jah Khalib-тің концертіне байланысты шу шықты. Ұлттық ұланның арнайы жасағы қоғамдық тәртіпті ретке келтіруге тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі neva24.uz. порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде үлкен кезектің, бір-бірін итеріп және төбелесіп жатқан адамдардың видеолары тарады. Кейбір мәліметтер бойынша, олар алыпсатарлардан билет сатып алып, жалған болып шыққандықтан концертке кіре алмаған.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі бұл оқиғаны “тәртіпсіздік” деп атады.
“Қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдіктілерді Ұлттық ұлан қызметкерлері аренадан тыс жерге әкетіп, ықтимал жанжалды оқиғалардың алдын алды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Оқиғаның видеосын мына жерден көре аласыз.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады