Өзбекстанда ер адам өзінің нәресте қызын сатуға шығарған
Өзбекстандағы Ангора ауданында ер адам нәрестесін 1,3 миллион теңгеге сатуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны полицейлерге қаскөйдің көршісі хабарлады. Оның айтуынша, Ангора ауданында 54 жастағы ер адам жаңа туған қызын 35 миллион сомға (1,3 миллион теңге) сатпақ болған.
Ол төрт жыл бойы 29 жастағы әйелмен азаматтық некеде болған.
Ер адам сәбиді сатып, ақшасын алған кезде ұсталып, қамауға алынды.
Өзбекстан Қылмыстық кодексінің “Адам саудасы туралы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар