Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда 5 күн ішінде коронавирусқа шалдыққандарға арналған емхана салынбақ

Өзбекстанда коронавируспен күресуге арналған ауруханалар салына бастады. Олардың біріншісін бес күнде пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өзбекстан 24" видеосынан кадр

Ташкентте үш жаңа аурухана, Өзбекстанның басқа да облыстарында медициналық мекеме салынбақ.

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, бірінші аурухана бес күнде Юкоричир ауданында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Зангиан ауданында тағы бір аурухана ашылады. Ташкенттің Чиланзар ауданындағы аурухана да ашылуға дайындалып жатыр.

Өзбекстанның құрылыс министрі Батыр Закировтың айтуынша, ел президентінің тапсырмасы бойынша ауруханалар қысқа мерзімде пайдалануға берілмекші.

«Екі емхана кезең-кезеңімен салынуда. Олар әрқайсысына 1000 адамды қабылдай алады. Функционалдылығы ескерілген. Жобалар коронавирустың қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін барлық нәрсені ескереді, болашақта емхана кез келген эпидемиологиялық ауруларға қарсы тұра алатын болады», - деді ол.

Ғимараттардың құрылысы және қажетті коммуникациялар қатар жүргізілуде. Газ тартылып, су және электр жарығы қондырылады.. Құрылыс министрінің бірінші орынбасары Шерзод Хидоятов әр науқасқа жеке «үйшік» берілетінін айтты.

«Әрбір лот екі ұшақ сияқты. Қатарлар арасында өтетін жолдар болады. Олар медициналық персоналдың қозғалысына арналған. Әр науқасқа жеке жағдай жасалады, яғни кондиционер, теледидар, байланыс болады. Жеке кешен медициналық қызметкерлерге арналады», - деді ол.

Науқастарды бұл кешенде ұстауға болмайды, өйткені жақын жерде жеке аурухана салынуда. Барлық тексерулер санитарлық аймақта өтеді. Ал егер біреудің ауруы болса, оны ауруханаға жібереді. Екеуінің ара қашықтығы 150 метрден асады.

Еске салсақ, Қытайда коронавируспен күресу үшін 10 күнде 1000 адамға арналған уақытша аурухана салынды. Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65-ке жетті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...